Павлодар облысында чипсы өндіру қашан қолға алынады?

Павлодар облысында чипсы өндіру қашан қолға алынады?
Фото:pixabay.com

Ол үшін арнайы картоп егіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Шүкірова мәлім етті. 

– Біздің облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 2025-2026 жылдарға арналған басым жобалар бар. Оның бірі – Ақсу қаласындағы чипсы жасау зауыты. Бүгінде «Chips Asia» ЖШС жер учаскелерін ресімдеді. Техникалық шарттарды тіркеу және ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Сәуле Шүкірова.

«Ақтоғай Агро» ЖШС фирмасы бұл ауқымды жобада инвестор ретінде болады. Былтыр екі кәсіпорын бірлесе отырып эксперимент ретінде 500 гектар жерде картоптың арнайы фонтане түрі отырғызылып, тоғыз мың тоннаға жуық картоп алынды. Жоспар бойынша жобаның қуаттылығы 20 мың тонна болмақ.