Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындарға алыс сапарлардан бас тартуға кеңес беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 шілде күні өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ пен дауыл күтіледі. Желдің оңтүстік-шығыстан соғатын екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Күндіз облыс аумағында ауа температурасы 35 градусқа дейін ысып, аптап болады.

Сондай-ақ, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупінің жоғары болатыны ескертілді.

Төтенше жағдайлар департаменті алыс сапарларды кейінге қалдыруға және елді мекендерден тыс аймақтарға шықпауға кеңес береді.