Павлодар облысында күн 35 градусқа дейін ысиды

Павлодар облысында күн 35 градусқа дейін ысиды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірдің кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

12 қыркүйекте аймақтың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ пен дауыл болжанады.

Күндіз ауа температурасы +30...+35 градусқа дейін көтеріледі. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, облыстың оңтүстігінде 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Павлодар қаласында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +33...+35 градус болады. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.