Павлодар облысында кейбір автокөлік жолдары уақытша жабылуы мүмкін

Павлодар облысында кейбір автокөлік жолдары уақытша жабылуы мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар облысында 5-8 наурыз аралығында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының Павлодар облыстық филиалы және КАЖ сервис хабарлады.

Аталған күндері өңірде қар мен жаңбыр түріндегі мол жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

– Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда аса мұқият болу ескертіледі. Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысы аумағындағы кейбір автокөлік жолдары учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін, – деді филиал өкілдері.

Қолайсыз ауа райы жағдайында тұрғындарға мүмкіндігінше баламалы қатынас түрлерін, соның ішінде теміржол көлігін пайдалануды қарастыру ұсынылады.