Павлодар облысында кезекті кешенді оқу-жаттығулар басталды
Шара үш күнге жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Павлодар облысының басқару органдарын, АҚМЖ күштерін және халықты төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындығы бойынша 24-26 мамыр аралығында Ертіс ауданының басқару органдарымен, күштерімен және құралдарымен кешенді оқу-жаттығу өткізіледі.
«Бейбіт және соғыс уақытында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда халықтың және АҚ күштерінің, басқару органдарының іс-әрекеттері» атты оқу-жаттығу 2 кезеңмен жүреді.
- Бірінші кезеңде белгілі бір аумақта туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері пысықталады. Екінші кезеңде оқу-жаттығудың ой-пиғылына сәйкес аудан аумағында туындаған төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері талқыланады, - делінген хабарламада.
Бүгінгі оқу-жаттығу барысында жедел топпен ТЖД бастығының орынбасары О.Трещев бастамасымен жедел тапсырмаға сәйкес өткізілген іс-шаралар бойынша, аудан әкімінің орынбасары Т.Дұғаловтың төрағалығымен ауданның АҚМЖ басқару органдарының тыңдауы өткізілді.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес ауданның жедел әрекет ету жасағының қарауы, халықты құлақтандыру жүйесін тексеру, бөлек тапсырмаларды (ормандалалы өртті сөндіру, сондай-ақ білім беру нысандарындағы өртті жою) орындау бойынша аудан құрылымдарымен 2 арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Ертіс ауданының басқару органдарымен бірінші күні 3 басқару дабылы, сондай-ақ түрлі ықтимал ТЖ 5 теориялық кіріспе орындалды.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес оқу-жаттығулар 26 мамырға дейін жалғасады.