6 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады

6 маусымда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Күн күркірейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 9-14, найзағай кезінде 18 метрге дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде +15...+20 °C, күндіз +26..+31°C ыстық болады. 

Павлодарда ауыспалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Сынап бағанасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C көрсетеді.