Павлодарлық велоспортшылар Қонаевтағы тау жарысында алты медаль жеңіп алды

Павлодарлық велоспортшылар Қонаевтағы тау жарысында алты медаль жеңіп алды

Қонаев қаласында велосипедпен тау жарысы бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Велосипед спорты федерациясының мәлімдеуінше, чемпионат жасөспірімдер арасында да жеке өтуде. Павлодар облысынан 3 спортшы қоржынға 6 медаль салып үлгерді. 

Тау жарысының XCP (кросс-кантри) түрі бойынша әйелдер арасында павлодарлық Татьяна Генелева алтын медаль жеңіп алса, ерлер арасында Егор Карасёв күміске қол жеткізді.

XCC (кросс-кантри шорт-трек) түрінен Татьяна Генелева мен Егор Карасёв екеуі де күміс медаль олжалады. Жарыстың бұл түрінен жасөспірімдер арасында павлодарлық Вячеслав Климеров та күміс медаль еншіледі. 

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында Вячеслав Климеров жарыстың XCE (кросс-кантри элиминатор) түрінен алтын медаль иегері атанды. 

Айта кетейік, тау жарысы бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатына 100-ге жуық спортшы қатысуда.

Фото: ашық дереккөздерден