Павлодар облысында лаңкестіктің алдын алу шаралары өткізіледі

Павлодар облысында лаңкестіктің алдын алу шаралары өткізіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір аймағында оқу-жаттығу іс-шаралары ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының басшылығымен аталмыш іс-шаралар 25 сәуір мен 6 мамыр аралығына жоспарланған.

Осыған байланысты, арнайы штат азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, арнайы, құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырады.