Павлодар облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар берілді

Павлодар облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айында Ораза ұстағандарға берілген аузашарға Ертіс өңірінің барлық аудандарының зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өңір басшысы Асайын Байханов пен Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы қатысушыларды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, бейбітшілік пен жақсылық тіледі.

- Рамазан - сенім, рухани, түсіністік пен кішіпейілділік, әділдік, бірлік пен қайырымдылық айы. Алла Тағала әрбіріміздің ұстаған Оразамыз бен тілеген дұғаларымызды қабыл етіп, еліміздің өсіп-өркендеуін нәсіп етсін, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Айта кетелік, бүгін Ақордада да Президенттің атынан ауызашар берілді.