Павлодарда тұрғын үйлерді шыбын-шіркейге қарсы өңдеу басталды

Павлодарда тұрғын үйлерді шыбын-шіркейге қарсы өңдеу басталды
Фото: Константин Шелков

Арнайы жұмысшалар үйлердің жертөлелерінде өңдеу жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалада тұрғын үйлердің жертөлелерінде шыбын-шіркей дернәсілдерінің таралуынынң алдын алу мақсатында дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Дезинсекциялық шараларды мамандардың жетекшілігімен мердігер «ХЛЕБСТРОЙ» ЖШС жүргізуде.

– Қазіргі уақытқа дейін 40-қа жуық тұрғын үйдің жертөлесіне өңдеу жұмыстары жүргізілді. Кезекте 30 үйдің жертөлесі бар, – дейді Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің бас маманы Оразбек Саяхат. 

Жертөлелерді өңдеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша 8(707)5956447 телефон нөміріне  немесе akimat.pavlodar instagram парақшасына хабарласа аласыздар.