Павлодар облысында нәресте өлімі азайды
Былтырмен салыстырғанда көрсеткіш бес дерекке төмендеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті.
– Былтыр сәби өлімінің 83 жағдайы болса, биыл бұл көрсеткіш бес жағдайға төмендеді. Яғни, 78 нәресте өлімі тіркелді. Олардың жартысы –мерзімінен бұрын туған балалар. Шала туған нәрестелердің ағзалары толығымен қалыптасып үлгермеген. Төрт-бес айлық сәби 500 грамм болса, оның аман қалу ықтималдығы өте төмен, – деді Айдар Сейітқазинов.
Оның сөзінше, әр өлім-жітім жағдайында сотқа дейінгі тергеу басталады. Дәрігерлердің кінәсі бар-жоғы тексеріледі.
Еске сала кетейік, қараша айында Екібастұз қаласының Шідерті кентіндегі пәтерлердің біріненсегіз айлық баланың зорлық белгілері жоқ денесі табылды. Аталған факті туралы полицияға анасы хабарлады.