Павлодар облысында орташа жалақы 400 мың теңгеге жақындады

Павлодар облысында орташа жалақы 400 мың теңгеге жақындады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Орташа айлық былтырғы кезеңмен салыстырғанда 113,5 пайызға өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Статистиктер 2025 жылғы қаңтар-маусымдағы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларымен бөлісті.

1 маусымдағы жағдайы бойынша Павлодар облысы халқының саны 748 748 адамды құрады: қала халқы – 534 094 адам, ал ауыл халқы – 214654 адам 

– 2025 жылғы I тоқсандағы орта есеппен жан басына шаққандағы халықтың атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 243 893 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың I тоқсанына қарағанда 16 пайызға жоғары, нақты ақшалай табыстары көрсетілген кезеңде 7,8 пайызға артты, – делінген хабарламада.

2025 жылғы I тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 399,5 мың теңгені  немесе 2024 жылдың сәйкес тоқсанына 113,5 пайызды құрады. Нақты жалақы индексі – 105,5 пайыз. 

Облыста 194,9мың жалдамалы қызметкер бар. I тоқсанда жұмыс күшінің саны 404,1 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 69,6 пайызын құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8 пайызды құрап отыр.