Павлодарда жолды бөліспеген жүргізушілер төбелес шығарды

Павлодарда жолды бөліспеген жүргізушілер төбелес шығарды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп бұзушылар жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодарда екі ер адам сөзге келіспей қалып, жанжал шығарды. Кейін ол дәл жолда төбелеске ұласып, жолда кептеліс туғызған. Жанжал Академик Сәтбаев көшесі, 40-үй бойындағы жолда орын алды. Lexus және JAC көліктерінің жүргізушілері жолды бөліспеген.

– Жүргізушілердің әрекеті ұсақ бұзақылық, яғни басқаларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер деп танылады. Тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды, материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Ведомствода аталған істі мысалға ала отырып, азаматтар мұндай әрекеті үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтінін немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін екенін білуі және есте сақтауы керектігін атап өтті. Егер әрекет бір жыл ішінде қайталанса, онда 30 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.