Павлодарда бірнеше автобус бағыттары уақытша өзгерді

Павлодарда бірнеше автобус бағыттары уақытша өзгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көше учаскесінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 14 қазан сағат 8:00-ден 16 қазан сағат 8:00-ге дейін Қамзин-Российская көшелерінің шекарасындағы Малайсары батыр көшесі бойынша автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі (Малайсары батыр көшесінің қиылысы жабылды).

Осыған байланысты №1, 3, 11, 40, 41, 126 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізіледі.

№11, 40, 41, 126 нөмірлі автобус маршруттары Малайсары батыр көшесімен шығыстан батысқа қарай жүру кезінде Малайсары батыр – Российская – С. Щедрин – Қамзин көшелерін айналып өтетін болады. Сол сияқты кері бағытта жүреді.

№3 автобус маршруттары С. Щедрин көшесімен (Малайсары батыр көшесіне кірмей) айналып өтетін болады.