Павлодар облысында республикалық автожол жабылды

Павлодар облысында республикалық автожол жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 ақпан сағат 21:00-ден бастап «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауылы) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жол учаскелерін 27 ақпан сағат 7:00-де ашу жоспарланған.