Павлодар облысында республикалық референдум басталды

Павлодар облысында республикалық референдум басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Облыстың барлық ауданында және қалаларында тура таңғы жетіде 520 сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әр учаске бюллетеньдер салатын урналармен, республикалық референдумға қатысуға құқылы азаматтардың тізімімен және ақпараттық стендтермен қамтамасыз етілген.

Бюллетеньде сайлаушылар бір ғана сұраққа жауап береді:

«2026 жылдың 12 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» / «Принимаете ли вы новую Конституцию Республики Казахстан, проект которой опубликован в средствах массовой информации 12 февраля 2026 года?».

Дауыс берушілер «Иә» немесе «Жоқ» деген сөздің оң жағындағы бос орынға белгі қою қажет.

Әрбір азамат тек өз атынан дауыс береді.

Сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.