Жұма күні Павлодар облысында қар мен жаңбыр жауады
Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, 12 сәуірде түнде оңтүстік, шығыста қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады және жылдамдығы секундына 9-14 метрді, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде +1...+6 градус, күндіз +5..+10 градус жылы болады.
Павлодар қаласында бұлтты болады, түнде жауын-шашын күтіледі.