Павлодар облысында рейдерлік әрекет әшкереленді

Павлодар облысында рейдерлік әрекет әшкереленді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кәсіпорын иелеріне бір миллиард теңгеден астам шығын келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, өңір прокуратурасының келісімімен, Павлодар қаласының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірін рейдерлік жолмен басып алу әрекетін жасаған қылмыстық серкені анықтады.

– Қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан кәсіпорын иелеріне 1 миллиард теңгеден астам шығын келген. Павлодар қаласының Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қылмысқа күдікті тұлға екі айға қамауға алынды. Тергеу барысында жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкін басып алудың басқа да фактілері анықталды, – деді облыстық ЭТТД басшысы Ерік Есенов.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін қорғау мақсатында басқа мәліметтер жария етілмейді.