Павлодар облысында шағымдардың басым бөлігі шілде айында жолданған

Павлодар облысында шағымдардың басым бөлігі шілде айында жолданған
Фото: Валерий Бугаев

Жазда аймақ тұрғындары «109» қызметіне жиі жүгінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық бірыңғай байланыс орталығында операторлар бір жыл ішінде 107 421 өтінішті пысықтады. Павлодар, Екібастұз бен Ақсу қалалары, Баянауыл, Ертіс және Тереңкөл аудандарының тұрғындары жиі жазып, қоңырау шалды. Негізінен олар мәселелері туралы «109 нөмірі және WhatsApp арқылы хабарлады.

Байланыс орталығы облыс тұрғындарынан келіп түсетін сұрақтары күн жылынғанда көбейетінін мәлімдеді. Сұраныстар бойынша ТОП ай – шілде болып табылады. Жаздың ортасында операторларға 13 296 хабарлама келіп түсті. Мәселелердің саны бойынша ең көп айлардың үштігіне мамыр мен маусым кіреді – 10 мыңнан астам өтініш. Ал ақпан айында «109» нөміріне қоңырау шалғандардың саны азая түседі.

Байланыс орталығының менеджерлері білім, әлеуметтік қорғау, мәдениет, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, құқық тәртібі, ветеринария сияқты сұрақтарға жауап береді, ТҮКШ-ке қатысты шағым естиді. Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады. Сұраныс бойынша сумен жабдықтау өзекті болып отырғаны анықталды. 2024 жылы аталмыш тақырып бойынша операторлар 21 838 өтінішті қабылдады. Ал электрмен жабдықтау проблемалары туралы 21 171 рет шағым түсті. Сондай-ақ, «109»-ке кеңес алу бойынша жиі жүгінеді.

Облыстық бірыңғай байланыс орталығының қызмет директоры Абзал Қабдраштың айтуынша, ағаштарды санитарлық кесу, кәріз, қаңғыбас иттер, тұрмыстық қатты қалдықтар және қар тазалау 2024 жылдың ең өзекті мәселелері болды.

Естеріңізге сала кетейік, «109» орталығы Павлодарда 2020 жылдың наурыз айында іске қосылды. Желі біртіндеп Ақсу, Екібастұз және аудандарға таралды. Өңір тұрғындарының сұрақтарын 20 менеджер қабылдайды. Олар коммуналдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелердің басшыларымен, әкімдермен, мердігерлік ұйымдармен тікелей байланысады. Барлық өтініштер категориялар мен жеделдік деңгейлеріне бөлінеді. Өтінімді орындаудың орташа уақыты – бір сағаттан он сағатқа дейін, коммуналдық желілердегі апаттар кезінде – төрт сағаттан 12 сағатқа дейін.