Павлодар облысында шетелдіктердің мекенжайларын тексереді

Ағымдағы жылдың 11-15 наурыз аралығында Павлодар облысының аумағында «Мигрант» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Осы кезеңде полиция күштері тиісті қоғамдық тәртіпті сақтауға, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ҚР-да болу тәртібі ережелерін бұзушылықтарды анықтауға бағытталады. Полицейлер тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдіктердің мекенжайларын тексереді
– Соттардың шығарып жіберу туралы шешімін орындаудан жалтарған шетелдіктер анықталған кезде алдын алу шектеу қолданылады және елден мәжбүрлеп шығарылады, – дейді облыстық полиция департаментінде.
Сондай-ақ, заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автомобиль жүргізушілері, курьерлік қызметтермен айналысатын курьерлер тексеруден өтеді. Бұдан басқа, полицейлер жақын және алыс шетелдердің шетел азаматтары тарапынан көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау тұрғысынан барлық базарлар мен өзге де сауда орындарын тексереді.