Павлодар облысында шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізіледі
Кандитаттар тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық мәслихаттың № 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына және № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Павлодар қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау тағайындалды.
Қазбек Әметов жұмыс орнын ауыстырғанына байланысты №10 бірмандатты аумақтық округ бойынша шығып кетті. Қалалық мәслихат депутатының орнына үш кандидат тіркелді. Біреуі – «AMANAT» партиясынан, екеуі өзін-өзі ұсынды.
Облыстық мәслихаттың № 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына да үш кандидат тіркелді. Олардың арасында Павлодар ауданының әкімі Николай Дычко бар. Ол «AMANAT» партиясынан ұсынылып жатыр. Қалған екі кандидат өзін-өзі ұсынуда.
Сайлау 8 желтоқсан күні өтеді.