Павлодар облысында сібір елігін атып алғандар ұсталды
Қазір полицейлер тексеру жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 1589 келі заңсыз ауланған балық ресурстары мен атылған сібір елігінің екі тушасы анықталды.
– Сегіз құқық бұзушылық құралы тәркіленіп, алты автокөлік ұсталды. Жалпы сомасы шамамен бір миллион теңгеге айыппұл салынды, – деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Сондай-ақ, Шарбақты ауданының полицейлері өзінің таныстарымен заңсыз ағаш кесіп, қарағай тұқымдас құрғақ ағаштар ұрлаған 51 жастағы ауыл тұрғынын құрықтады. Қазір полицейлер тексеру жүргізуде.
Тәртіп сақшылары 132 табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісінің жолын кесті. Оның ішінде балық ресурстарын, басқа жануарларды немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру, заңсыз аң аулау, балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін бұзу, жануарлар әлемін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзу фактілері бар.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қазан - 19 қараша аралығында облыс аумағында браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел профилкатикалық шарасы өткізіледі.