Павлодар облысында тікелей халықтың дауысымен үш ауданның әкімдері сайланды
5 қарашада өткен сайлаудың қорытындылары жария етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, жалпы сегіз кандидат үшін дауыс беруге 17 817 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 12 азамат, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 749 адам қатысты.
– Сайлау қорытындыларына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімі болып 1972 жылы туған Қаршыға Арынов сайланды. Железин ауданында 1980 жылы туған Айтуған Шайхимов әкім болып сайланды. Ал Шарбақты ауданына 1979 жылы туған Сержан Иманқұлов әкім болып сайланды,– делінген хабарламада.
Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандары әкімдерінің сайлауының төменгідей қорытындылары шығарылды:
Ақтоғай ауданы бойынша:
Асхат Ақсақов үшін сайлаушылардың 291-і дауыс берді;
Қаршыға Арынов үшін сайлаушылардың 3577-і дауыс берді;
Сәкен Шаймарденов үшін сайлаушылардың 552-сі дауыс берді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 181.
Железин ауданы бойынша:
Серік Қаңтарбаев үшін сайлаушылардың 1244-і дауыс берді;
Азат Сатабаев үшін сайлаушылардың 98-і дауыс берді;
Айтуған Шайхимов үшін сайлаушылардың 3285-і дауыс берді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 244.
Шарбақты ауданы бойынша:
Сержан Иманқұлов үшін сайлаушылардың 5877-сі дауысы берді;
Руслан Тілеулесов үшін сайлаушылардың 946-сы дауыс берді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 857.
Еске сала кетейік, Президенттің тапсырмасы бойынша алғаш рет пилоттық режимде облыстық маңызы бар қала мен аудан әкімдерінің сайлауы өткізілді. Қазақстан азаматтары үш облыстық маңызы бар қала мен 42 аудан әкімінің сайлауына қатысты.