Павлодар облысында тұманды апта күтіледі

Павлодар облысында тұманды апта күтіледі
Фото: Константин Шелков

Ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 17 қазанда түнде +2...+7°С, ал күндіз +13...+18°С болады. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін соғады. 

18 қазанда жауын-шашынсыз болады, облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде 0...+5°С, ал күндіз +13...+18°С-қа дейін жылынады.

19 қазан күні де тұманды болады. Сынап бағанасы түнде 0...+5°С, ал күндіз +10...+15°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамығы солтүстік-батыс бағытымен секундына 9-14 метрге дейін соғады. 

20 қазанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Облыстың солтүстік пен батысында тұман болады. Сынап бағанасы түнде -0...-5°С-қа дейін түсіп, күндіз +10...+15°С-қа дейін көтеріледі. 

Демалыс күндері облыстың солтүстік пен батыс бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде 0...+5°С, ал күндіз +13...+18°С  жылы болады.