Павлодар облысында осы аптада тұманды болады

Павлодар облысында осы аптада тұманды болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 18 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ауа температурасы түнде -5...-10°С, облыстың солтүстік-шығысында -13°С-қа дейін, ал күндіз 0...-5°С-қа төмендейді. 

19 ақпанда тұманды болады. Сынап бағанасы түнде -10...-15°С, облыстың солтүстігінде -18°С, ал күндіз -3...-8°С көрсетеді. 

20 ақпанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде -15...-20°С, ал күндіз -3...-8°С-қа дейін төмендейді. 

21 ақпанда күндіз облыстың солтүстігінде қар жауады. Сынап бағанасы түнде -13...-18°С, ал күндіз -3...-8°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. 

Сенбіде облыстың батысында тұман түседі. Ауа температурасы түнде -13...-18°С, ал күндіз -5...-10°С-қа дейін төмендейді. 

Жексенбіде жауын-шашынсыз болады. Сынап бағанасы түнде -15...-20°С, ал күндіз -5...-10°С көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.