Павлодар облысында жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Павлодар облысында жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға Омбы-Майқапшағай автожолында 340 км-де орын алды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қарашада сағат 19:00-де «Scania» маркалы автомашинаның жүргізушісі жол бөлігін белгіленбеген жерден өткен 55 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

– Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция тексеру жүргізуде, қажетті сараптамалар тағайындалды, – деді департаментте. 

Автокөлік айып тұрағына қойылды.