Павлодар облысында жас педагогтердің үздіктері анықталды

Павлодар облысында жас педагогтердің үздіктері анықталды
Фото: pexels.com / Nataliya Vaitkevich

Жас педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдауға арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» форумы аясында «Менің педагогикалық инновациям» байқауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығының мәліметінше, конкурсқа 34 жас педагог қатысып, төрт бағыт бойынша үздіктер анықталды.

Бастауыш мектеп бағыты бойынша 1-дәрежелі дипломды Баянауыл ауданы М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің химия мұғалімі Айшолпан Халамсия иеленді.

Гуманитарлық бағытта Железин ауданы «№ 1 жалпы білім беретін орта мектебінің» тарих пәні мұғалімі Әділет Танарбергенов жеңімпаз атанды.

Мектепке дейінгі білім беру номинациясында Аққулы ауданы Аққулы жалпы орта білім беру мектебінің мектепалды сынып мұғалімі Назерке Еренғайып үздік шықты.

Жаратылыстану-ғылыми бағытта «Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің» математика пәні мұғалімі Яна Солодовникова жеңімпаз деп танылды.

Форум жас мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім беру жүйесіне заманауи инновациялық әдістерді енгізуді мақсат етті.