Павлодар облысында жаздың алғашқы аптасы ыстық болады
Кей күндері жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 3 маусымда жауын-шашын болмайды. Сынап бағанасы түнде +4...+9°С, ал күндіз +19...+24°С-ты көрсетеді.
4 маусымда күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +17...+22°С, облыстың батысында +25°С болады.
5 маусымда желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады. Сынап бағанасы түнде +6...+11°С, ал күндіз +22...+27°С-қа дейін көтеріледі.
6 маусымда жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +13...+18°С, ал күндіз +26...+31°С, ал облыстың солтүстігінде +21°С болады.
7 маусымда күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, күндіз +20...+25°С-ты көрсетеді.
Сенбіде жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +25...+30°С-қа дейін көтеріледі.
Жексенбіде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +16...+21°С, ал күндіз +27...+32°С-ты көрсетеді.