Павлодар облысында жылу бойынша тарифтің жария тыңдау мерзімі ауысты

Оған онлайн қатысуға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментінің мәліметінше, «Қазақстан алюминийі»АҚ жылу энергиясын өндіру қызметіне тариф жобасын қарау бойынша жария тыңдау мерзімін 31 қазан сағат 12.00-ге ауыстырды. Осыған дейін жария тыңдау 23 қазанда өтеді деп белгіленген болатын.
Жария тыңдау Шығыс өнеркәсіптік аймағы, 60/1 (зауыт басқармасының ғимараты) мекенжайында, сондай-ақ, ZOOM арқылы онлайн режимде өтеді: https://us04web.zoom.us/j/72551839787?pwd=mNDkFpbdhz97pZfZflUhaDdFdHbtvp.1
Департамент тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады. Анықтама телефоны: 61-59-55.
Жарнамалық материал