Павлодар облысында жоғалған ер адам іздестірілуде
Соңғы рет оны қалалық вокзал маңынан көрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Байдала ауылында тұратын Жанат есімді ер адам 16 қарашада үйінен Кенжекөл ауылындағы туыстарына бару үшін шығып кеткен. Сол жерде туыстарының біреуімен арада келіспеушілік орын алып, ер адам белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Сол уақыттан бері Жанаттан еш хабар жоқ. Оның жұбайының айтуынша, Жанат Павлодар қаласына қарай бағыт алуы мүмкін, өйткені 16 қарашада вокзал маңында оны біреулер көрген.
– Ер адамның жоғалуын іздеуді қиындататын жағдай – оның телефонының жоқтығы. Сондықтан ол ешкіммен байланысқа шықпаған, бірақ жұбайының телефон нөмірін жатқа біледі. Қазіргі уақытта Жанат туралы ешқандай жаңа ақпарат түспеді, – дейді VITA волонтерлері.
Жанаттың бойы шамамен 180 сантиметр, көздері жасыл, мұрын пішіні аздап қисайған. Үйден қара күртеше, капюшоны бар спорттық жемпір, болонья матасынан жасалған шалбар, сұр түсті кроссовка мен сұр түсті кепке киіп шыққан.
Еріктілер өңір тұрғындарынан жоғалған ер адамға қатысты қандай да бір ақпарат иелерін төмендегі нөмірлерге дереу хабарласуды сұрайды:
- +7(747)615-55-63 (Катерина);
- +7(777)334-82-01 (Светлана).
Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram