Павлодар облысында жол бойында алып бұлан көзге түсті
Жабайы жануардың бейнежазбасын «Ертіс орманы» резерваты жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше, жол бойында ірі бұлан кездескен. Орман жануарының зәулім мүйізі мен жүріс-тұрысы бейнежазбаға түсірілген.
Резерват өкілдері бұл көріністі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, мұндай кездесулердің сирек болатынын жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram