Павлодар облысында жолшылар күшейтілген режимге көшті
Қар тазалауға біріктірілген жол машиналары, КамАЗ жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК"АҚ Павлодар облыстық филиалының хабарлауынша,
2023 жылғы 19 желтоқсанда облыстың басым бөлігінде қар қалың түсті. Осыған байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қызмет көрсететін құрылымдар күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
Қызылорда - Павлодар (1309 км), Омбы - Майқапшағай
(390-384, 319-422), Көпір өткелі (016), Астана - Ерейментау - Шідерті (230-274 км) учаскелері қардан тазартылды.
Жолшылар облыстың республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде жол жүруді қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін салып, жұмыс істеуде.