Павлодар облысында ұшақтың құлауы бойынша тергеу жүргізілуде

Павлодар облысында ұшақтың құлауы бойынша тергеу жүргізілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұшқыш қатты зардап шеккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жазатайым оқиға өткен жылдың жазында Ертіс ауданын шыбын-шіркейден әуеден өңдеу жасаған кезде орын алған. SP-30  жеңіл әуе кемесі ұшқаннан кейін қозғалтқышының тартылу күші түсіп, ұшақ Ағашорын маңындағы жыртылған алқапқа қонған. Ұшқыш көптеген ауыр жарақаттар алып, облыстық ауруханаға жатқызылған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов мәлім етті.

– Бұл оқиғаға қатысты елордалық авиациялық комиссия сараптама жүргізіп, қозғалтқыштың ақаулығының себептерін анықтау үшін әуе кемесінің өндірушісіне сұрау жіберілген еді. Сараптаманың қорытындысы жақында ғана келді, енді біз тергеуді жалғастыратын боламыз, – деді Асқар Қапанов

Оның айтуынша, егер жазатайым оқиғаны тергеу сараптаманы қажет етпесе, онда бұйрық шыққан сәттен бастап тергеу 10 жұмыс күнін алады. Алайда, кейбір оқиғалар бірнеше сараптаманы қажет етеді, соның салдарынан тергеу көп уақытқа созылып кетеді.