Павлодар облысының әкімі өңірдің дамуына үлес қосып жүрген жандарға алғыс айтты
Аймақ басшысы Асайын Байханов құттықтау хатын Іnstagram әлеуметтік парақшасында жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
– Бүгін, Алғыс айту күні, шағын әрі ауқымды еңбекпен ерлік жасап, күн сайын еліміз бен өңіріміздің дамуына үлес қосып жүрген жандардың барлығына алғысымды айтамын, – деп жазды облыс әкімі.
Сондай-ақ ол екібастұздықтарды, төтенше жағдай салдарын жоюға көмектескен және апаттың алғашқы күндерінен бастап «алдыңғы қатарда» болған жандарды ерекше атап өтті.
– Қиын жағдайда батырлар - жұмысшылар, дәнекерлеушілер, сантехниктер және бей-жай қарамаған тұрғындар кеншілер қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіруге бір адамдай атсалысты. Бірлік пен адал еңбектеріңіз және бір-біріңізге деген қамқорлықтарыңыз үшін рахмет! Бұл мереке алдағы уақытта да сізбен біздің иық тіресіп қолдауға, көмектесуге дайын екенімізді бейнелейтін болады, – деп Асайын Байханов денсаулық, амандық, табыс тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 14 қаңтардан бастап елімізде 1 наурыз - Алғыс айту күні деп жарияланған.