Павлодар облысының әкімі мемлекеттік кірістер қызметкерлерін марапаттады

Павлодар облысының әкімі мемлекеттік кірістер қызметкерлерін марапаттады
Фото: Валерий Бугаев

Биыл аталмыш органның құрылғанына 10 жыл, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай облыс әкімі Асайын Байханов саланың үздік қызметкерлерін құттықтады және бұл елдің тұрақтылығын айқындайтын негізгі құрылымдардың бірі екенін атап өтті.

– Салықтардың уақтылы түсуі ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етті, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының жаңа нысандарын салуға мүмкіндік берді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін табысты шешу сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз бен істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіздің арқасында мүмкін болды, – деді облыс әкімі Асайын Байханов. 

Бірқатар қызметкерлер өңір басшысының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен және «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.