Павлодар облысының әкімі Отан қорғаушыларды мерекемен құттықтады
Өңір басшысы Асайын Байханов бейбіт аспанымыз әрқашан ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмауын тіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Отанымызды қорғау – батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өнегесі, қасиетті парызы. Сондықтан бүгінде қазақстандықтар аталарымыздың аманатын абыроймен жалғастырып, әскери борыш пен антқа адал қызмет етуде. Бейбітшілікті мақсат еткен Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтата түскен ұлттық армиямыз жасай беріп, қуанышты күндеріміз көп болғай! – дейді Асайын Байханов.
Сондай-ақ батылдық пен қайсарлықты ту еткен мерекеде зор денсаулық пен амандық тіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram