Павлодарда үш қоғамдық көлік жүру бағытын уақытша өзгертеді

Павлодарда үш қоғамдық көлік жүру бағытын уақытша өзгертеді
Фото ашық дереккөзден

Оған жеке жылу желісіндегі апатты жою жұмыстары себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәлімдеуінше, №003, 1, 3, 16 автобус маршруты уақытша қозғалыс бағытын өзгертеді.   

- 7 қазан күні Салтыков-Щедрин көшесінде Камзин – Российская көшелерінің шекараларында асфальттау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ Целинная – Запорожская көшелерінің шекараларында Салтыков-Щедрин көшесіндегі жеке жылу желісіндегі апатты жоюға байланысты №003, 1, 3, 16 автобус маршруттары уақытша жүру бағытын өзгертеді, - делінген хабарламада.

№003 және №3 автобус маршруттары Салтыков-Щедрин көшесімен батыстан шығысқа қарай жылжу кезінде Сибирская көшесіне оңға бұрылады, содан кейін Малайсары батыр көшесіне солға, содан кейін Целинная көшесіне солға бұрылып, Салтыков-Щедрин көшесіне оңға және одан әрі маршруттар бойынша шығады. Сол сияқты кері бағытта.

№1 автобус бағыты АЦТО соңғы аялдамасынан Жібек жолы көшесі бойынша шығу кезінде Малайсары батыр көшесіне оңға бұрылуды жүзеге асырады және одан әрі маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.

№16 автобус оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытта Жібек жолы көшесімен жүргенде солға Геринг көшесіне бұрылады, тікелей Камзин көшесіне дейін және одан әрі маршрут бойынша жүреді. Сол сияқты кері бағытта.