Павлодар облысының ауданында әкімдер сайланады

Павлодар облысының  ауданында әкімдер сайланады
Фото: Константин Шелков

Үміткерлерді ұсыну сәуірдің 6-сы күні басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Сайлау  14 мамыр күні тек  үш ауданда өтеді: Баянауыл, Железин, Тереңкөл аудандары. 

Баянауыл ауданының Құндыкөл ауылдық округінде 650 сайлаушы бар. Дауыс беру күні үш учаске ашылады. Аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, округ басшысы лауазымына үміткерлер әлі құжаттарды тапсырмаған. 

Ертіс ауылдық округі де сайлауға сақадай сай отыр. Сайлауға 637 сайлаушы қатысады деп күтілуде. 

Тереңкөл ауданының Иваново ауылдық округінде де жаңа басшыны сайламақ. Үміткерлер  19 сәуірге дейін тіркеледі. Аумақтық сайлау коммиссиясының мәліметтері бойынша округте шамамен 490 сайлаушы бар.