Павлодар облысының екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысының екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Константин Шелков

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы әділет департаментінің басшысы болып Даниел Татаев тағайындалды.

Даниел Галелханұлы 1976 жылы туған. Әр жылдары түрлі мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарған. Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің құжаттарды бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Сондай-ақ Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың өкімімен цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Ердос Жүсіпов тағайындалды.

Ердос Жанатұлы 1989 жылы туған, екі жоғары білімі бар. Өңірлік кадр резервінің мүшесі, әр жылдары жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.