Павлодар облысының тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысты

Павлодар облысының тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бес адам зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қызылорда — Павлодар» автожолында, Шідерті кентінің маңында жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл жерге ТЖМ Апаттық медицина орталығы трассалық медициналық-құтқару пунктінің бригадасы жедел жетті.

Екі жеңіл көліктің соқтығысуы нәтижесінде бес адам зардап шекті. Төртеуін АМО мамандары тексерді: екеуі Екібастұз қаласындағы ауруханаға жатқызылды, екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты. Тағы бір жәбірленушіні «103» қызметі тексерді, – делінген хабарламада.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақырту сағат 7:03-те түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем 9 минутта жетті. Апат орнынан Екібастұз қалалық ауруханасына жедел жәрдем бригадасы 1968 жылы туған ер адамды жеткізді.

Мамандардың айтуынша, медициналық көмек уақтылы көрсетілді.