9 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жауады

Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 7-12 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде +2..+7, күндіз +15...+20 градус болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сынап бағанасы түнде ауа +4...+6, күндіз +17....+19 градус көрсетеді.