Павлодар облысының мұз өткелдері әлі ашылған жоқ

Павлодар облысының мұз өткелдері әлі ашылған жоқ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құтқарушылар тұрғындарды жабдықталмаған учаскелерге шықпауын сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ертіс өзенінің су айдынын авто, ат көлігі және жаяу жүргіншілер үшін мұз өткелдерін орнату орындары бойынша әуеден бақылау жүргізді. 

– 2023 жылы облыс аумағында барлығы 13 өткел жұмыс істеді. Бүгінгі күні ауа райына байланысты және өзен арнасы бойынша мұздың толық қатпауына байланысты мұз өткелдері жұмыс істемейді. Сондықтан облыс тұрғындары мен қонақтарын жабдықталмаған учаскелерге шықпауды және мұзда болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз, – деді департаментте.

Айта кетейік, бұқаралық спорттық және мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін кемінде 10 сантиметрді, ал көліктер үшін кемінде 25 сантиметрді құрау керек.