Павлодарда жарық жиі өшпеу үшін қандай шаралар қабылданды?

Павлодарда жарық жиі өшпеу үшін қандай шаралар қабылданды?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Авариялық сөндіру жиі орын алған шағын аудандарда тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков тұрғындармен есептік кездесуі барысында баяндады. 

– Маған қаланың шағын аудан тұрғындарынан электр энергиясының жиі сөнуіне байланысты көптеген шағымдар мен ескертулер түседі. Ағымдағы жылы электр желілеріндегі апаттық жағдайларды азайту мақсатында 148,2 шақырым әуе желілері, 35,2 шақырым кабельдік желілер жөнделіп, 60 жинақ трансформаторлық станция және 126 қосалқы трансформаторлық станцияда жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді Хасар Хабылбеков.

Жөндеу жұмыстары апаттық сөнулер жиі болатын аудандарды қамтыды. Олар – Екінші Павлодар, Саяжай, Диспетчер, Лесозауыт, Радиозауыт сондай-ақ, Кенжекөл және Теміржолшылар кенті. Сондай-ақ, инвестициялық бағдарлама аясында 60 жылға жуық жұмыс істеген ескі станцияға қарағанда екі есе қуатты Солтүстік қалалық қосалқы станцияның құрылысы аяқталды. Мұнда әрқайсысының қуаты 40 мегаватт болатын екі күштік трансформатор орнатылды. Одан 27 мың тұтынушы және 1700-ден астам кәсіпорын мен ұйым қуат алады.