Павлодар облысының мәслихат депутаттары балаларды оңалту орталығына барды

Павлодар облысының мәслихат депутаттары балаларды оңалту орталығына барды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қызметтер МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Орталық жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппараты аурулары бар балаларға арналып, 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды. Оңалту мекемесі Торайғыров көшесі, 46 мекенжайында орналасқан және «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жұмыс істейді.

Орталықтың басты міндеті – қалпына келтіру емдеуі, медициналық реабилитация, әлеуметтік бейімделу және ерте мүгедектіктің алдын алу. Мұнда балалар үшін галонотерапия, механотерапия, балнеотерапия сияқты әдістемелер бойынша оңалту жүргізіледі. Оңалту курсы 21 күнді құрайды.

Жобаның жүзеге асырылуына «QH Оңалту орталықтары» бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ қолдау көрсетіп, орталық заманауи медициналық реабилитациялық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

Еске салайық, балаларды оңалту орталығы 2023 жылдың көктемінен бастап жұмыс істеп келеді және Қазақстанда ашылуы жоспарланған сегіз орталықтың екіншісі болып табылады.