Ақтоғай ауданындағы ауылдарда медпункттер салынады

Ақтоғай ауданындағы ауылдарда медпункттер салынады

Жергілікті ауыл тұрғындары жаңа санитарлық көлікпен қамтамасыз  етілетін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің ақтоғайлықтармен кездесуі барысында аудандық медицинаның жайы сөз  етілді. Аудан тұрғындарын дәрігерлердің жұмысын жеңілдететін медпункттердің салыну мәселесі алаңдатқан еді.  Облыс әкімі биылғы жылы емдеу мекемелері Шұға мен Шілікті ауылдарында пайда болатынын атап өтті. 

Асайын Байханов облыстың басқа да ауылдарында осындай медициналық мекемелерді кезең-кезеңмен салу жоспарда тұрғанын  айтты. 

–Медпункт немесе дәрігерлік амбулатория  болатыны бұл мекемеге бекітілген халыққа байланысты болады, – деп түсіндірді Асайын Байханов. – Тұрғындары көп болса, медициналық мекеме де соғұрлым үлкенірек болады. 

Өңір басшысы медициналық ұйымдар қызметкерлермен қамтамасыз ете ала ма? деген сұрақтың барын атап өтті.

– Тым болмаса медбикелер болсын, өйткені дәрігерлердің оқу мерзімі тоғыз жыл,– дейді Асайын Байханов. – Бұл кешенді жұмыс. Бірінші кезекте өзін кадрлармен қамтамасыз ете алатын ауылдарға баратын боламыз.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, биыл Жалаулы ауылындағы медициналық мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Сондай-ақ Мүткенов, Қараоба және Әуелбек ауылдарындағы жұмыстардың жүргізілуіне үш жобалық-сметалық құжаттама дайын. Жаңаауыл ауылының тұрғындары медициналық пункттің салынуын сұрады, бірақ ауылда 98 адам тұратындықтан бұл жоба әзірше қарастырылмайды.

Оған қоса, Ақтоғай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде жаңа санитарлық автомобильдер пайда болады. Оларды нақты қандай елді мекенге беретінін аудандық аурухана шешеді. Жыл сайын 3 көліктен сатып алынады. Сондай-ақ облыстың барлық медициналық мекемелеріндегі санитарлық көліктерді біртіндеп жаңарту жоспарланған.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы барлық ауылдарды медициналық мекемелермен жабдықтауды тапсырған еді. Павлодар облысында барлығы 328 ауыл бар.

Бұған дейін облыс әкімі Ақтоғай халқымен кездесуде 2024 жылы Қараоба және Әуелбек ауылдарын жаңғыртатынын хабарлаған еді. Ендігі кезекте Жолболды ауылы болады. Сонымен қатар, ауылдардағы сапалы ұялы байланыс пен интернет мәселесі де басты назарға алынды.

Фото: Константин Шелков