Павлодар облысының спортшылары Италиядан жүлдемен оралды
Италияның Ассизи қаласында 13-14 жас аралығындағы қыздар арасында бокстан жарыс өтті, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Бокстан Павлодар облысы қыздар арасында және ҚР құрамасы бойынша аға жаттықтырушы Марат Қырықбаевтың айтуынша, байқауда Италия, Испания, Польша, Словения және Қазақстан елдерінің спортшылары 10 салмақ дәрежесінде бақ сынаған.
– Аталған жарыста Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынға ие болып, 6 алтын және 3 күміс жүлде алды. Турнир Ассизи қаласының олимпиадашылары жаттығатын олимпиадалық базада жоғары деңгейде өтті, – дейді Марат Қырықбаев.
Спортшы София Ващенко 60 келі салмақта Италия және Словения спортшыларын жеңіп, 1-орынға ие болды.
Павлодар қаласының олимпиадалық резерв мектебінде оқиды. Бокспен бес жылдай айналысады. 2023 жылғы Қазақстан чемпионы.
Виктория Бишлер екі жыл бокспен айналысады. 2023 жылғы ҚР чемпионатының финалисті. 44 кг салмақта екінші орын алды.