Павлодар облысының тұрғындарын орман қорындағы жемқорлық туралы хабарлауға шақырады

Павлодар облысының тұрғындарын орман қорындағы жемқорлық туралы хабарлауға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында орман қорын қорғау мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Талдауды Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бастады. Оның шеңберінде орман қорын қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың негізгі функцияларын іске асыру зерделенетін болады.

– Талдауды өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ертіс орманы», Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды сыртқы талдау жүргізуге қатысуға шақырады.

Егер сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат немесе аталған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болса, оларды dmdgs_pavlodar@mail.ru электрондық поштаға жіберіп, 87072073200 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша немесе Қамзин көшесі, 37 мекенжайында «Antikor Ortalygy» фронт-офисі мекенжайы бойынша келіп, хабарлауға болады.