Павлодар облысының жас футболшылары «Unity» кубогін иеленді

Павлодар облысының жас футболшылары «Unity» кубогін иеленді
Фото: «Тұлпар» дене шынықтыру – сауықтыру кешені

Кубок үшін Мойылды және Жетекші ауылдарының спортшылары күресті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Тұлпар» дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің мәліметінше, турнир 2011-2013 жылдары туған балалар арасында өтті.

Мойылды ауылынан төрт ойыншы – Ерасыл Әлімхан, Алан Әділбеков, Бахтияр Байбосынов және Әбілқайыр Алдияр қатысты. Ерасыл Әлімхан турнирдің үздік қақпашысы атағына ие болды, – делінген хабарламада.

ДШСК «Ақбет» командасы сапында әуесқой футболдан Еуропа кубогынан оралған жаттықтырушы Роман Ваккердің еңбегі мен үлесін ерекше атап өтті.