Павлодар облысының құтқарушылары қысқы формаға көшті

Павлодар облысының құтқарушылары қысқы формаға көшті
Фото: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті

Осыған байланысты ТЖД бөлімшелерінде саптық байқау өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2025 жылғы 3 қазаннан бастап облыстық төтенше жағдайлар департаменті ресми түрде қысқы киім нысанына ауысты.

– Осыған байланысты ТЖД бөлімшелерінде саптық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің сыртқы келбетін, саптық түзелуін және тәртібін тексеру, сондай-ақ жеке құрамның қысқы кезеңде қызмет атқаруға дайындығын қамтамасыз ету, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай байқаулар бөлімшелердің күнделікті қызметінде ұйымшылдықты, тәртіпті және жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін сақтауға ықпал етеді.