Павлодар облысының әдеп жөніндегі уәкілі апта сайын тұрғындарды қабылдайды

Павлодар облысының әдеп жөніндегі уәкілі апта сайын тұрғындарды қабылдайды
Фото: pexels.com

Қабылдауға алдын ала жазылу қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Павлодар облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Дина Әбілдинова әр аптаның бейсенбі күндері Ак. Сәтбаев көшесі, 49 мекенжайы бойынша орналасқан облыс әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында сағат 14:30-дан 15:30-ға дейін жеке қабылдау өткізеді.

Қабылдауға 8(7182) 65-10-59, 8(7182) 66-39-96 нөмірлері арқылы жазылу қажет. Сондай-ақ, барлық сұрақтар мен ұсыныстарды abeldinova.dina@pavlodar.gov.kz электрондық поштасына жіберуге болады.